100-сұрақ+жауаптарымен

100-сұрақ+жауаптарымен

100-СҰРАҚ+ЖАУАПТАРЫМЕН

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХ

ЖОҒАЛТЫП АЛМАС ҮШІН РЕПОСТ ЖАСАП ҚОЙ

ҰБТ-да келу ықтималдылығы жоғары сұрақтар.
Репост жасап, Стенаңа сақтап қой!!

1.1826 жылы II Махмұд сұлтан таратқан әскер:
Янычарлар

2.XIX ғ. I ширегінде II Махмұд елдің аумағын бөлді:
Аймақтар мен губернияларға

3.Иранда XVIII ғасырдың соңынан бастап билік құрған әулет:
Каджар

4. XVII-XIX ғ. соң. Сирия, Ливан, Палестина, Ирак,Египет, Йемен елдері тәуелді болды:
Осман империясына

5.1875 жылы Англия Мысыр монархынан сатып алған канал:
Суэц

6.XIX ғ. соңы XX ғ. басында ерекше қарқынмен дамыған сала:
Ғылым

7.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары:
1914-1918 жж.

8.Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңген мемлекеттер Париж бітім конференциясын бастады:
1919 жылы 18 қаңтарда

9.Германияда 1918 жылы 3 қарашада жұмысшы, солдат және матростардың революциясы басталды:
Киль қаласында

10.1917 жылы империялық конференцияда автномиялық мемлекеттер мәртебесін иеленді:
Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Одағы

11.I дүниежүзілік соғыстан кейін Африкадағы Того, Камерунның бір бөлігі, Таяу Шығыстағы Сирия мен Ливанды қосып алған ел:
ФРАНЦИЯ

12.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Италия Антанта жағында соғысты:
1915 жылы

13.1918 жылы Еуропа картасында пайда болған мемлекеттер:
Финляндия, Югославия, Чехословакия, Польша, Австрия, Венгрия

14.XIX-XX ғасырлар тоғысында большевизмнің тәжірибесі негізінде айтарлықтай жаңаланған ілім:
Марксизм

15.1920 жылы АҚШ дүниежүзінде өндірілетін тас көмірдің шығарды:
Жартысына жуығын

16.Латын Америкасының экономикасы мен саясатының негізгі тежеуі:
Латифундизм

17.XX ғасырдың басында дамыған ірі капиталистік елге айналып, басқыншылық саясат жүргізген шығыс елі:
Жапония

18.Қытай Республикасының тұңғыш президенті:
Сунь Ятсен

19.1918 ж. дейін Моңғолия:
Азияның ең артта қалған елінің бірі

20.Үндіқытай түбегіндегі елдер:
Вьетнам, Лаос, Камбоджа

21.Үндістан орналасқан аймақ:
Оңтүстік Азия

22.1915 жылы Иранды ықпал аймаққа бөлген елдер:
Англия, Ресей

23.1919 жылы 21 ақпанда тәуелсіздігін жариялаған мемлекет:
Ауғанстан

24.1914-1918 жылдары Түркия жақтап, соғысқан мемлекет:
Германия

25.1915 ж. Англия Хиджаздың бұрынғы билеушісі Хусейн шерифпен бірлесіп қарсы соғыс бастаған ел:
Түркия

26.Мадагаскар мен Үнді мұхитындағы аралдарға қожалық еткен ел:
Франция

27.1939 ж. 29(23) тамызда құпия келісім жасаған мемлекеттер:
КСРО мен Германия

28. Екінші дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания айырылған ұлттық табыс мөлшері:
25%

29.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франция тарихының кезеңдері:
3 кезең

30.1939 жылы 23 тамызда Мәскеуде КСРО мен Германияның арасында жасалған келісім:
Өзара шабуыл жасаспау (Молотов-Риббентроп шарты деп аталады)

31.1946 жылғы Италиядағы референдумның қорытындысы:
Халық республикалық құрылысты жақтады

32.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде “Шығыс Еуропа” елдеріқатарында аталған мемлекеттер:
Польша, Венгрия

33.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүниежүзілік саясаттың орталығына айналды:
АҚШ

34.Жапония тізе бүгу туралы актіге қол қойды:
1945 ж. 2 қыркүйек

35. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Қытай аумағы бақылауында болған екі саяси топ:
Компартия, гоминьдан

36.Моңғолия тұрақты түрде бесжылдық жоспарларға көшкен жыл:
1948 ж.

37.Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Үндістанды өз мүддесіне пайдаланған ел:
Англия

38.Екіншідүниежүзілік соғыстан кейін Иранда ұлттық автономиялық қозғалыс бастаған халық топтары:
Әзірбайжан, күрд, хорасан

39.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ауғанстанда жастар қозғалысы қалыптасты:
1947 ж.

40.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Түркия елі таңдаған жаңаланудың түрі:
Капитализм

41.Пәкістанның тәуелсіздігі жарияланды:
1947 ж. 14 тамыз.

42.Азиядағы араб елдерінде АҚШ компанияларын қызықтырған:
Мұнай-Газ

43.Мемлекеттер арасындағы одақ немеае қандай болса да бір ұйымдардың халықаралық бірлестігі:
Альянс

44.Мәдени дамудың (XXI ғ.) негізгі кезеңдері:
3

45.Азияның оңтүстік-батысындағы қатарласа ағатын құдіретті екі өзен:
Евфрат пен Тигр

46.Урдың III әулеті құлағаннан кейін Қосөзенде ерекшелене бастаған қала:
Вавилон

47.”Гильгамеш туралы дастандағы” Гильгамеш:
Құдіретті патша

48.Әлемдегі ең ұзын өзен бойында орналасқан мемлекет:
Египет

49.Ежелгі Вавилонның солтүстігінде пайда болған мемлекет:
Ассирия

50.Урарту патшалығына қатысты есімдер мен атаулар:
Армения жері, Тушпа, Ван көлі

51.Ерте замандарда Хетт мемлекеті өмір сүрген жер:
Қазіргі Түркия

52.Жерорта теңізінің шығыс жағалауында өмір сүрген ежелгі мемлекет:
Финикия

53.Ежелгі Парсы тайпалары өмір сүрген өңір:
Иран үстіртінің оңтүстігі

54.Ежелгі Бактрия мемлекеті ірге көтерген жер (аумағы):
бүгінгі Тәжікстан мен Ауғанстан

55.Кушан мемлекеті қалыптасқан жер:
қазіргі Өзбекстан мен Қырғызстан

56.Парфия мемлекетінің пайда болған уақыты:
б.з.б. III ғасыр

57.Б.з.б. 330 ж. А.Македонский басып алған Соғды елінің астанасы:
Самарқан

58.Азияның оңтүстігіндегі түбек атауы:
Үндістан

59.Хуанхэ және Янцзы өзендері ағады:
Батыстан Шығысқа

60.Ежелгі Грекия орналасқан жер:
Балқан түбегі

61.Афины мемлекеті орналасқан аймақ:
Аттика

62.Б.з.б. XII ғасырда Балқан түбегінің оңтүстік бөлігінде пайда болған мемлекет:
Спарта

63.Ежелгі грек мектептері:
Үш басқышты

64.Ежелгі Грекиялықтардың мерекелері мен ойындары байланысты болды:
Кәсібі мен әдет-ғұрыптарына

65.Македония орналасқан жер:
Балқан түбегі

66.Рим мемлекеті орнласқан түбек:
Аппенин түбегі

67.Октивиан Августтің Римді билеуі:
б.з.б. 27 – б.з. 14 жж.

68.Рим империясы өзінің даму шыңына шыққан уақыт:
б.з.I-II ғғ.

69.Ежелгі Римдегі балалардың оқу жасы:
7 жас

70.Рим империясы дамуының негізгі белгісінің бірі:
Қалалардың өсуі

71.Рим империясы әлсірей бастады:
IV ғасырда

72.Византия империясының тарихтағы тағы бір атауы:
Шығыс Рим империясы

73.Арабия түбегінің жер көлемі:
3 млн шаршы шақырым

74.Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік-Батыс Үндістан, Шығыс Түркістан эфталит ақ ғұндар тайпалық бірлестігі құрылды:
V-VI ғғ.

75.Ежелгі славян тайпаларының шыққан жері:
Еуропа

76. VIII ғ. Еуропада феодализмнің қалыптасуының бастауы болды:
Жерді сыйлыққа беру

77.Еуропа елдерінде қалалар өсе түсті:
XI ғ.

78.XI ғасырда Франция жері бөлінген ірі феодалдық иелік – герцогтіктер:
Нормандия, Бургундия, Бретань, Аквитания

79.Халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде Британияға қоныстанған герман тайпалары:
Ағылшын-сакс

80.955 жылы Германия королі I Оттон басқаруымен неміс және чех әскерлері венгрлерді талқандады:
Леха өзенінде (Германияда)

81.Испания тарихына қатысты ұғым (-дар):
Аутодафе, кортес, инквизиция

82.Италия бытыраңқы ел болды:
XI-XV ғғ.

83.Византия салжұқ түріктерінен жеңілген жыл:
1071 ж.

84.Киев Русінің астанасы:
Киев

85.Батыс және Орталық Еуропада орман азая түсті:
XI ғ.

86.XI-XV ғғ. Еуропалық қалаларда пайда болған шіркеулік емес мектептер:
Жекеменшік

87.395 жылы Рим империясы бөлінді:
Батыс және Шығыс

88.Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы аяқталған кезең:
XI-XIII ғғ.

89.Қытайдағы соңғы құлдық мемлекет:
Хань

90.Үндістанда феодалдық қатынастар толық орнады:
VI-VII ғасырда

91.XI ғ. Кіші Азияда құрыла бастаған қуатты мемлекет:
Осман

92.XI-XV ғғ. Орта Азиядағы жері бай, мәдениеті өркендеген мемлекет:
Хорезм

93.973 жылы Қият қаласының іргесіндегі ауылда дүниеге келген ғұлама:
Ә.Бируни

94.Африкадағы ең ежелгі мемлекет:
Египет

95. XII ғ. 30 жж. – XV ғ. аяғына дейінгі аралықтың Орыс мемлекеті тарихында аталуы:
Феодалдық бытыраңқылық

96.XII ғ. Орталық Азиядан Байкал көліне, Енисей және Ертіс өзенінен Гоби құмына дейінгі аймақты мекендеген тайпа:
Монғол

97.Франция саяси-экономикалық күш-қуаты артып, бір орталықты өкіметке – король билігіне бағындырылды:
XVI ғ. басы

98.Англияда капиталдың алғашқы қорлану негізін қалады:
Қауымдық жерді қоршау

99.XVI ғ. Германияның артта қплувның ең басты себебі:
Саяси бытыраңқылық

100.1516 ж. қайтыс болған арагондық король:
Фердинанд

Back to Top